This template uses custom fonts.
See the demo and find the detailed guide to connecting fonts at the bottom of the page.
100+
орынды балабақша желісі
Біздің
миссия!
Балалардың жеке тұлғасын дамыту, оларға білім беру, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды үйрету, сондай-ақ, әр баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Құрметті сайт қонақтары!
Құрметті пайдаланушылар, ата-аналар және қонақтар!

«Бөбекжай Әмина» бөбекжай-бақшасының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың жеке тұлғасы қалыптасып, қоршаған ортаны танып, алғашқы білім мен дағдыларды меңгеретін ерекше әрі маңызды кезең. Осы кезеңде баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, оның шығармашылық қабілетін, танымдық қызығушылығын, дербестігін және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

«Бөбекжай Әмина» бөбекжай-бақшасында әр баланың жеке ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып, қауіпсіз, қолайлы және дамытушы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Балалардың сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білім алуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерінің дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне жағдай жасау – ұжымымыздың негізгі бағыттарының бірі.

Біздің интернет-ресурсымыз арқылы «Бөбекжай Әмина» бөбекжай-бақшасының қызметі, білім беру үдерісі, педагогикалық ұжым, топтар, жаңалықтар, іс-шаралар, оқу-тәрбие жұмысы және алдағы жоспарлар туралы өзекті ақпаратпен таныса аласыздар.

Сайт ата-аналар мен балабақша ұжымы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ашықтық пен сенімге негізделген серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтар, ұсыныстар мен пікірлеріңізді білдіре аласыздар.

Біз ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және балалардың игілігі үшін сындарлы диалог пен өзара түсіністікке әрдайым дайынбыз.

«Бөбекжай Әмина» бөбекжай-бақшасының интернет-ресурсы үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отырады. Сондықтан сайт жұмысын жақсартуға бағытталған барлық ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін маңызды.

Баланың бақытты балалық шағы – біздің ортақ мақсатымыз!

Құрметпен,
«Бөбекжай Әмина» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
Айтмағамбетова Жанар Қазиханқызы

Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі–жұма: 09:00–18:00
Түскі үзіліс: 13:00–14:00

Телефон: +7776 181 2140
Бауыржан Момышұлы;
«Бала тәрбиелеу — шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу»
Біздің қызметтер:
  • Балаңыздың интелектуалды ойлау жүйесін қалыптастыру
  • Жаңа қырларын ашу, әрі қарай дамыту.
  • 24/7 бейне
бақылау
АС МӘЗІРІ
Әртүрлі дақылдардан жарма,
чай,жемістер Таңғы ас
Сорпалар,палау,манты,салаттар,
кампот,кисель Түскі ас
Тәтті тоқаштар,пірәндік,тәтті бәліш,айран,әртүрлі
жемістердің шырыны Кешкі ас
Біздің топтар:
  • Кіші топ
1-2 жас
  • Ересек топ
4 жас
  • Ортаңғы топ
3 жас
  • Мектепалды даярлық топ
5-6 жас
Шағын статистика
Балабақша ашылғаннан бері әрбір тәрбиеленушіге көрсетілген қызметтер;
300+
астам тәрбиеленуші бітірді
8+
жыл бойы үздіксіз қызмет
100%
ыстық тағаммен қамтылған
24/7
бейнебақылау
Біздің медиа жаңалықтар
және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалар...

«Қазақ елі» толықметражды м/ф «реж: Батырхан Дауренбеков, 2016 ж.)
Coll
Ата-аналардан пікір;
Тәрбиешілері өте мейірімді, балам балабақшаға күнде қуанышпен барады. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі мен жайлылығы қамтамасыз етілген!
Айнұр (Әлидің анасы)
Адаптация кезеңі өте жеңіл өтті. Күнделікті фото-видео есеп жіберіп, көңілімізді тыныштандырып отыратыны үшін тәрбиешілерге алғысым шексіз.
Динара (Арайдың анасы
Дамыту бағдарламалары өте күшті: ұлымның логикасы мен тілі жақсы дамып келеді. Ас мәзірі де дәмді әрі пайдалы. Баршаға ұсынамын!
Мөлдір (Санжардың анасы)
Тазалық, білікті ұжым және әрқашан ашық кері байланыс. Қызым үйірмелерге сүйіспеншілікпен қатысады. Ата-ана сенімін толықтай ақтаған орталық!
Жұлдыз (Айарудың анасы
address
Ерейментау ауданы,Торғай
ауылы, Мәдениет көшесі 26.
Opening Hours: Mon–Sat: 9:00–19:00

All photos and videos are either from the free resource pexels.com or generated using AI and remain the property of their respective owners. All photographs, texts, and business descriptions are fictitious. Please don’t use the template content for commercial purposes.



Template developer: Spirina Design / TG @spirina_design

Attention!
This template requires custom fonts. Set them up manually before using this template.
Heading font: Golos Text
Body text font: Golos Text

How to connect fonts:
1. Go to Site settings → Fonts and Colors → Google Fonts
2. Fill out the following input fields:
https://fonts.googleapis.com/css2?family=Golos+Text:wght@400;500
Heading font family name: Golos Text
Body text font family name: Golos Text
3. Open each block, select text elements, go to the settings, and change the typeface to Golos Text

Learn more about setting up custom fonts:
https://help.tilda.cc/fonts

See the original page design here: https://bloomly-template.tilda.ws/
Made on
Tilda